
Ағымдағы жылдың 1-12 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының сауда департаментінің ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының барлық қалалары мен аудандарының әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті сауда үстемесінен асып кетпеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмысының мақсаты ішкі сауда субъектілерін "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен таныстыру болды, атап айтқанда осы Заңның 9-бабына сәйкес шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайды.
Түсіндіру жұмыстары барысында үй жанындағы дүкендер, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының сауда үйлерінің әкімшілеріне шекті бағадан асып кетпеуге қатысты жадынамалар табыс етілді.
Жүргізілген түсіндіру жұмыстары бойынша ақпарат жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылған.