Назар аударыңыз! Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі!

Назар аударыңыз! Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі!

27 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында Тұран, 48 мекен-жайы бойынша 2022 жылдың 13 қарашасына дейін жалғасатын өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кезеңі ашылды.
ҚР Конституция күніне орай жәрмеңкелер кезеңін Түркістан облысы ашты. Жәрмеңкеге 70 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 40 бірлік жүк көлігі жеткізілді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына құны 478 млн.теңге болатын 535 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Жәрмеңке 3 күнге созылды (27, 28, 29 тамыз).

3-4 қыркүйек аралығында Жамбыл облысы өз өнімін ұсынды. Жәрмеңке Тараз қаласының, сондай-ақ Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Шу және басқа аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен өтті. Бұдан басқа, оған 2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі» пилоттық жоба шеңберінде құрылған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, өз бизнесін ашқан жеке кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеге 423,2 млн. теңге сомасына 495,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 2022 жылдың 10-11 қыркүйегі аралығында өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласы Сауда департаментінің қызметкерлері елорда әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкелерде бизнестің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторинг жүргізді, елорда тұрғындары мен қонақтарына сауалнама жүргізіп, жалпы осындай іс-шараларды өткізуге халықтың көңіл-күйіне талдау жасады. Сауалнама нәтижелері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне келген азаматтардың 90%-ы төмен бағалар мен ұсынылған өнімнің жақсы сапасын атап өтті, жәрмеңкелік іс-шаралардың мәнділігі мен маңыздылығына көңіл аударды, жәрмеңкелер санын одан әрі дамыту және ұлғайту қажеттілігін айтты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингінің қорытындылары жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға ықпал ететінін көрсетті, нәтижесінде өнім бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болды. Мысалы, жәрмеңкеге жалпы сомасы 4,8 млн теңгеге 10 тонна қант жеткізілді, оны бір кг үшін 480 теңгеден сатып алуға жағдай болды.
Жәрмеңкелік іс-шаралар тұтынушыларға да, сатушыларға да пайдалы болғандықтан, одан әрі олардың қызметін тиімді дамыту және санын арттыру бойынша жұмысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сауда департаменті жүргізетін болады.