На рынках г.Алматы ведется разъяснительная работа по сдерживанию ценообразований на СЗПТ

На рынках г.Алматы ведется разъяснительная работа по сдерживанию ценообразований на СЗПТ

ҚР СИМ Сауда Комитетінің Алматы қаласының департаментінің қызметкерлері, Алматы қаласының аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу бойынша қала базарларында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмысының негізгі мақсаттарының бірі, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасынан ӘМАТ-на сауда үстемесінің 15% - дан астам асып кетуіне жол бермеу болып табылады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің қызметкерлері ӘМАТ-на сауда үстемесі 15% - дан астам артқан жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатушыларына ақпарат ретінде жадынамалар табыс етілді.