ӘМАТ бағаларын талдау шеңберінде сауда нүктелерін аралау

ӘМАТ бағаларын талдау шеңберінде сауда нүктелерін аралау

Нұр-Сұлтан қаласының Сауда департаменті Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының апта сайынғы бағасын талдау шеңберінде көтерме және бөлшек сауда базарларын, сауда желілері мен үй жанындағы дүкендерді аралау кезінде кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті дайындаған «жадынамалар» таратылды, Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының негізгі талаптары туралы.

Өңірлік сауда ведомствосының қызметкерлері сондай-ақ бизнес субъектілерінің назарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме сауда жеткізушісінің сатып алу бағасынан «15%-дан артық емес» деңгейде әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін сақтау қажеттілігіне аудару процесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы өнімнің шекті құнын асыра көтерген жағдайда әкімшілік айыппұлдар айтылды.