Алматы қаласында сауда нысандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы қаласында сауда нысандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда Комитетінің Алматы қаласының сауда департаментінің қызметкерлері, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп, Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша, қаланың сауда объектілерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі бекітілген, оған 19 өнім түрі кіреді, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 2/120 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндерін бекітілген.

Түсіндіру жұмыстары барысында, осы сауда объектілерінің иелеріне «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің 15% - дан астам асып кетуіне жол бермеу мақсатында жадынамалар табыс етілді.

Бұзушылық болған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4 – бабына сәйкес, жауапкершілік қарастырылған - ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.