ШҚО-да бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

ШҚО-да бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысы сауда департаментінің қызметкерлері сауда объектілерінің әкімшілігімен және сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар өнімдерге шекті сауда үстемесінен асып кетпеу бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді және жадынамалар табыстайды.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде департамент қызметкерлері "Орталық" және "Жәрдем" базарларында, "Колос" супермаркетінде және "Әуезов" сауда павильонында сауда үстемелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында жоғарыда аталған базарлардың әкімшілігі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңынан хабардар екендіктерін айтып, сауда нүктелерін жалға алушылар шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшерін сақтайтындығын хабарлады.