Қарақұмық жармасының бағасын тұрақтандыру бойынша

Қарақұмық жармасының бағасын тұрақтандыру бойынша

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының сауда департаменті деңгейінде қарақұмық (гречка) өндірішулермен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 31 тамызында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерінің ұсыныстары Минситрдің деңгейінде талқыланып, министр тарапынан да ұсыныстар айтылды.

Осы ұсыныстар төңірегінде Шығыс Қазақстан облысының сауда департаменті, кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Министрдің тапсырмасына байланысты тиісті мерзімде ұсыныстар пысықталып қайта ақпарат ұсынылатын болады.