«Әсем» сауда нарығы мектепке отандық тауарларды іске асыру үшін сауда алаңын өтеусіз беруге дайын

«Әсем» сауда нарығы мектепке отандық тауарларды іске асыру үшін сауда алаңын өтеусіз беруге дайын

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың халыққа мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында, ҚР СИМ Сауда комитеті жаңа оқу жылы қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мысалы, «Әсем» сауда нарығынан отандық тауар өндірушілердің мектеп тауарларын іске асыру үшін 300 шаршы метрден астам сауда алаңын өтеусіз негізінде ұсыныс түсті.

Сонымен қатар, нарық әкімшілігі жалдау ақысына 50% жеңілдікпен ынтымақтастықты қарастыруға дайын.

Қазіргі уақытта «Данмарт» ЖШС осындай ынтымақтастыққа дайын.

Осыған байланысты, Сауда комитеті ірі сауда орталықтарына, нарықтарға, сондай-ақ ірі дүкендердің желілеріне кеңсе тауарлар, сөмкелер аяқкиімдер және басқа да мектеп керек-жарақтарылар бағасын ұстап тұру бойынша жұмысқа белсенді қатысуын ұсынады.