Қарақұмық жармасының өндірушілері өндірісті ұлғайту және бағаны тұрақтандыру бойынша ұсыныстар енгізді

Қарақұмық жармасының өндірушілері өндірісті ұлғайту және бағаны тұрақтандыру бойынша ұсыныстар енгізді

Ағымдағы жылдың 24 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Сауда департаментінің басшысы Данияр Дюсембаев "Вертекс Восток" ЖШС және "Крупы Востока" ЖШС өкілдерімен қарақұмық жармасын өндіру жөнінде кеңес өткізді.

Жоғарыда аталған өндірушілер Шығыс Қазақстан облысындағы қарақұмықты ірі қайта өңдеушілері болып табылады.

Кеңесте шикізатты қайта өңдеу бойынша өзекті сұрақтар, тапшылық пен бағаның өсуін болдырмау үшін қаржыландыру жүйесі бойынша сұрақтар, шаруа қожалықтарынан шикізатты сатып алу бойынша мәселелер талқыланды.

Өндірушілер өз кәсіпорындарының негізгі мәселесі қарақұмық өңдеуге арналған шикізаттың бағасының жоғары болуы мен жетіспеушілігі екенін атап өтті.

Кәсіпкерлер мәселелерді және саланы субсидиялау бойынша ұсыныстарын айтты, бұл ішкі нарықта қарақұмық өндірісін ұлғайтуға және бағаны тұрақтандыруға алып келеді.