Фермерден – Сізге: «Алтай» сауда орталығы

Фермерден – Сізге: «Алтай» сауда орталығы

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин жұмыс сапары аясында «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында болды. Аталған орталықтың ашылуы 2025 жылдың 15 шілдесіне жоспарланған. Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және халықты қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

«Алтай» сауда орталығы фермерлерді, қайта өңдеушілерді және тұтынушыларды заманауи сауда алаңында тоғыстырады. Орталық іске қосылғаннан кейін көптеген азық-түлік тауарларының бағасы жергілікті өндірушілерден тікелей жеткізілім және жеткізу тізбегінің қысқаруы есебінен төмендейді деп күтілуде.

Бұл орталықта сатып алушылар фермерлік өнімдерді заманауи және жайлы жағдайда, қолжетімді бағамен сатып алады.

Ал өнімін сатушыларға дайын инфрақұрылым, тұтынушылар ағыны және бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге арналған шарттары бар сауда алаңы ұсынылады.

Өндірушілер үшін күрделі логистикалық және сауда делдалдарын айналып өтіп, өз өнімін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік беретін тиімді алаң болмақ.

Өндірушілердің өнімі делдалсыз тікелей сауда алаңына жеткізіледі.

Шағын сауда нүктелерінен бастап кең павильондар орналасқан сауда орталығы Өскемен қаласының шыға берісінде, көлік қатынасы жоғары аймақта орналасқан.