Жұмамұрат Алдашев, облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
— Расында, Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам, өйткені тоталитаризм тұсында салт-дәстүрімізден, тіліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Тәуелсіздіктің арқасында құндылықтарымызды жаңғыртып, нығайта алдық.
Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы қабылдаған Декларацияда саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешу қағидаты жарияланды. Республика өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал Президент ел басшысы деп танылды.
Маған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ» - деген сөздері қатты ұнады.
Бұл Қазақстанға еркіндік берген ата-бабаларымыздың арманы орындалған ұлы күн.
Дереккөз: https://avestnik.kz/nezavisimost-kazahstana-dlya-nas-dorozhe-vsego/