«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төраға орынбасары (бұдан әрі – Комитет) Кабдушев Даулен Данатұлына жүктелсін.
- Д. Д. Кабдушев өз құзыреті шегінде әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтерді (тегі, аты-жөні, фотосуреті, телефон және кабинет нөмірлерін) Комитеттің интернет-ресурсында және ғимаратында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды жүзеге асырсын.
- «Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағаның 2024 жылғы 1 ақпандағы № 4-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таныстыруға жатады.
Төраға Е. Жәутікбаев