2025 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама

2025 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

анықтама

 

Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2024 жылғы
20 тамыздағы № 99 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:

  • ірі қара малдың еті - 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге - 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
  • құс (аяқтар) – 128 000 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 қараша аралығында 346 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 219 лицензия берілді, 106 тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарынан өтінімнің таусылуы не асып кетуі себебінен негізделген бас тарту берілді, сондай-ақ 21 лицензияның қолдануын тоқтату туралы өтініш берілді, оның ішінде:

  1. Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс в әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 443-НҚ және 2025 жылғы
14 наурыздағы № 101-НҚ бұйрықтарына сәйкес:

  • ірі қара малдың еті – 11 340 тонна, оның ішінде 347,597 тонна
    (3 %), 10 лицензия берілді, қалғаны - 10 992, 403 тонна;
  • құс (аяқтар) – 115 200 тонна, оның ішінде – 28 745,242 тонна
    (25 %), 97 лицензия берілді, қалғаны – 86 454, 758 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 10 800 тонна, оның ішінде –
    10 166,475 тонна (94, 1 %), 86 лицензия берілді, қалғаны – 633, 525 тонна.   
  1. Сиыр еті мен құс етін әкелуге арналған жаңа жеткізушілер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін
    1 наурыздан бастап жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:

– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 420  тонна,
11 лицензия берілді;

– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна,
8 лицензия берілді;

– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде 1 200 тонна,
7 лицензия берілді.

 

Орындаушы: Сауда комитеті

Дата публикации
05 декабря 2025