2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама

Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2023 жылғы                                             22 тамыздағы № 121 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2024 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:

  • ірі қара малдың еті - 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге - 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
  • құс (аяқтар) – 128 000 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.

2024 жылғы 1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында 254 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 80-і тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарынан асып кету немесе таусылу себебінен негізделген бас тарту, 174 лицензия берілді, оның ішінде:

  1. Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс в әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

1 кезең: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 - НҚ бұйрығына сәйкес:

  • ірі қара малдың еті - 2 835 тонна, оның ішінде 363,972 тонна, 11 лицензия берілді, қалғаны 2 471,028 тонна;
  • құс (аяқтар) - 28 800 тонна, оның ішінде – 20 088,864 тонна,                       45 лицензия берілді, қалғаны – 8 711,136 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 2 700 тонна, оның ішінде – 2 605,432 тонна, 15 лицензия берілді, қалғаны - 94,568 тонна.

2 кезең: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 175 - НҚ бұйрығына сәйкес:

  • ірі қара малдың еті – 8 505 тонна, оның ішінде 167,992 тонна, 3 лицензия берілді, қалғаны 8 337,008 тонна;
  • құс (аяқтар) – 86 400 тонна, оның ішінде – 28 034,062 тонна, 69 лицензия берілді, қалғаны – 58 365,938  тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 8 100 тонна, оның ішінде – 2 149,49 тонна, 17 лицензия берілді, қалғаны – 5 950,51 тонна.

Өткен кезеңде қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.

  1. Сиыр еті мен құс етін әкелуге арналған жаңа жеткізушілер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін 1 наурыздан бастап жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:

– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 35,28  тонна, 1 лицензия берілді, қалғаны-384,72 тонна;

– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна, 7 лицензия берілді;

– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде берілді –

1 080 тонна, 6 лицензия берілді, қалғаны 120 тонна.

Берілген лицензиялардың мониторингі «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, оның негізінде көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілердің тізілімі қалыптастырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды жібереді:

1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;

3) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер мұндай қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

4) лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер (10 АЕК).

 

Дата публикации
12 декабря 2024