БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесісінде:
16-тармақта:
12) және 13)-тармақшалар алынып тасталсын;
20)-34)-тармақшалар алынып тасталсын;
41), 42) және 43)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің бекітілген тізімі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
42) мемлекеттік кірістер органдарынан алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады;
43) бұзушылықтар анықталған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша жою мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) оларды жою туралы нұсқама береді;»;
мынадай мазмұндағы 57), 58) және 59) тармақшалармен толықтырылсын:
«57) шекті сауда үстемесін қолдану тәртібін айқындауға қатысады;
58) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдауды көздеу көрсетуді қарастырады;
59) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін бекітуге және оларды көрсетуге қатысады.».
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиев