2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама
Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 121 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2024 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:
2024 жылғы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында 229 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 75-і тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарынан асып кету немесе таусылу себебінен негізделген бас тарту, 154 лицензия берілді, оның ішінде:
1 кезең: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 - НҚ бұйрығына сәйкес:
2 кезең: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 175 - НҚ бұйрығына сәйкес:
Өткен кезеңде қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:
– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 35,28 тонна, 1 лицензия берілді, қалғаны-384,72 тонна;
– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна, 7 лицензия берілді;
– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде берілді –
1 080 тонна, 6 лицензия берілдіқалғаны 120 тонна.
Берілген лицензиялардың мониторингі «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, оның негізінде көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілердің тізілімі қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды жібереді:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер мұндай қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер (10 АЕК).