Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссияларының кейбір шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізілетіні туралы

Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссияларының кейбір шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізілетіні туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

           Сарыағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес өз өтінішіне сәйкес өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 1 мүшесінің, 5 учаскелік сайлау комиссияларының кейбір шығып қалған  мүшелерінің, округтік сайлау комиссиясының шығып қалған 1 мүшесінің орнына жаңадан мүшелерді сайлау өткізілетіні туралы хабарлайды.

          Сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы белгілеуіне сәйкес құрылады.

           Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.

                   Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын  кандидатура ұсынуға құқылы.

Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар  өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес  сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылғы 18 тамызынан бастап 2025 жылғы 01 қыркүйегіне дейін Сарыағаш аудандық  мәслихатына мынадай  құжаттарды тапсырады:

  • электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
  • Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынын үзінді көшірмесі;
  • Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші

Өтініштің нысанын Сарыағаш аудандық мәслихатының ресми сайтынан алуға болады.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидаттар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/624 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

           Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар дүйсенбі жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

         

Сарыағаш аудандық мәслихаты

 

Асылбекұлы Рысбек - Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі №37 үй.

Жауапты: Манапов Сабит Ұлықбекұлы – Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру құқық бөлімшесінің бас маман-заңгері, қалааралық телефон коды (872537), қызметтік тел: 2-10-95, ұялы тел: 8-702-960-67-48.

 

Сайлау комиссиялары

қ/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Мекен жайы

Сайланатын мүшелердің саны

1

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(индекс: 160900) «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ғимарат, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Ысмайлов көшесі №19 үй

1

2

№629

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№55 О.Жәутіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қабланбек ауылдық округі, Қабланбек ауылы, О.Жәутіков көшесі №33А үй.

1

3

№633

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№29 Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қабланбек ауылдық округі, Ақниет ауылы, Күншуақ көшесі №37 үй.

1

4

№646

«Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы.

2

5

№676

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің  «№70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы, Жабай ата көшесі №41 үй.

1

6

№677

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№42 Ә.Жангелдин атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дарбаза ауылдық округі, Тасқұдық ауылы, Жаңа жол көшесі №1 үй.

1

 

Округтік сайлау комиссиясы

1

№23

№63 ж.о.м. Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы, Бейбітшілік көшесі № 59.

1

Дата публикации
18 августа 2025