Аудандық мәслихаттың бір жылда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп берілді.

 
Бүгін Сарыағаш қаласының тұрғындарына Сарыағаш аудандық мәслихатының бір жылда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге аудан әкімі А.Абдуллаев, Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов, аудандық мәслихаттың депутаттары Ж.Баянов, Ж.Косалиев, А.Баратов, М.Талман, К.Жусупов, О.Садыков ауданның дербес бөлім басшылары, қала билері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, қала тұрғындары және жергілікті полиция инспекторлары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі А.Абдуллаев Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов қала тұрғындарына «Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға толығымен тоқталып, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттарының өз тараптарынан демеушілік есебінен атқарып жатқан жұмыстарымен де таныстырды.
Жиын барысында Сарыағаш қаласынан сайланған депутаттарға сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында қала тұрғындары 2024 жылы атқарылған жұмыстарға алғысын білдіріп, жақсы бағасын берді.
Дата публикации
27 февраля 2025