Аудандық мәслихаттың бір жылда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп берілді.


Жібек жолы ауылдық округі тұрғындарына Сарыағаш аудандық мәслихатының бір жылда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге аудан әкімі А.Абдуллаев, Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Делишев, ауданның дербес бөлім басшылары, ауыл билері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары және жергілікті полиция инспекторлары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі А.Абдуллаев Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов ауылдық округ тұрғындарына «Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға толығымен тоқталып, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттарының өз тараптарынан демеушілік есебінен атқарып жатқан жұмыстарымен де таныстырды.
Жиын барысында Жібек жолы ауылдық округінен сайланған депутаттарға сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында ауыл тұрғындары 2024 жылы атқарылған жұмыстарға алғысын білдіріп, жақсы бағасын берді.

Дата публикации
20 февраля 2025