Аудандық мәслихаттың бір жылда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп берілді

Бүгін Ақжар ауылдық округі тұрғындарына Сарыағаш аудандық мәслихатының бір жылда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беру кездесуі өтті.
Жиналысқа аудан әкімі А.Абдуллаев, Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов, ауданның дербес бөлім басшылары, ауыл билері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары және жергілікті полиция инспекторлары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі А.Абдуллаев Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов ауылдық округ тұрғындарына Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы баяндама жасап, аудандық мәслихат тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттарының өз тараптарынан демеушілік есебінен атқарып жатқан жұмыстарымен де таныстырды.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында ауыл тұрғындары 2024 жылы атқарылған жұмыстарға алғысын білдіріп, оң бағасын берді.
Кездесуден соң Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов, аудан әкімі А.Абдуллаев ауылдық округ тұрғыны 89 жастағы тыл ардагері Удовиченко Екатерина Михайловнаның үйіне барып құрмет көрсетті. Тыл ардагері келушілерге ақ батасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Дата публикации
18 февраля 2025