Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлауға конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сарыағаш аудандық мәслихаты Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 5 мүшесін сайлау туралы коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күн мерзім ішінде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қолма-қол беруі немесе s.manapov@ontustik.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуі қажет.
Сарыағаш ауданынының аумағында тұратын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс тобының мүшелігіне кандидат бола алады.
Жұмыс тобы мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Ескерту: азаматтар мен коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлға жұмыс тобына бір ғана өкіл ұсына алады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттар ұсынады:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушыларды тіркеу жөнінде хабарлайды.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті қолма-қол беруі немесе s.manapov@ontustik.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуі қажет.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 17 қаңтарынан 23 қаңтары сағат 19:00 ге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап, 19.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін. Мекен жай: Сарыағаш қаласы Исмайлов көшесі, №37 үй. Байланыс телефоны: 2-10-95 Электронды мекен жай: s.manapov@ontustik.gov.kz
Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей Аудандық мәслихат аппараты (101 кабинет) немесе 2-10-95 телефоны бойынша аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімшесінің бас маман-заңгері Манапов Сабит Ұлықбекұлынан, сондай-ақ аудандық мәслихат сайтынан (www.Saryagashmaslihat.gov.kz) алуға болады.
Аудандық мәслихат
төрағасы Р.Асылбекұлы