Сарыағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған 22 мүшесінің орнына сайлау туралы жұмыстардың басталғандығын хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2024 жылдың 9 тамызынан бастап 23 тамызға дейін Сарыағаш аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
Өтініштің нысанын Сарыағаш аудандық мәслихатының ресми сайтынан алуға болады.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған және орындалу күні, орындаушының аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Ұсыныстар дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13:00-15:00 аралығы.
Сарыағаш аудандық мәслихаты
Таскулов Смаил Абубакирович - Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі № 37 үй.
Жауапты: Елеусинова Балжан Бауыржановна – Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру құқық бөлімшесінің бас маман-заңгері., қалааралық телефон коды (872537), қызметтік тел.: 2-35-08, ұялы тел.: 8-775-379-40-08, электрондық почта: a.bimenov@ ontustik.gov.kz.
|
№ |
Сайлау округінің/учаскесінің нөмірі |
Сайланатын мүшелердің саны |
Орналасқан жері |
|
1 |
№ 611 учаскелік сайлау комиссиясы |
2 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы, Д.Қонаев көшесі №5 үй. |
|
2 |
№ 637 учаскелік сайлау комиссиясы |
2 |
Сарыағаш қ., Әйтеке би көшесі № 1 үй, Түркістан облысы білім басқармасының «№ 12 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты. |
|
3 |
№ 638 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Б.Оспанов көшесі №10 үй. |
|
4 |
№ 640 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, С.Исмаилов көшесі №63 үй. |
|
5 |
№ 642 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№71 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесі №50 үй. |
|
6 |
№ 645 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 10 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Т. Намазбаев көшесі № 13 үй. |
|
7 |
№ 647 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№5 С.Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Қазыбек би көшесі №100А үй. |
|
8 |
№ 648 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының ғимараты, Сарыағаш қаласы, Т.Тұрсынқұлов көшесі №21А үй. |
|
9 |
№ 649 учаскелік сайлау комиссиясы |
5 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№60 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Қ.Монтаева көшесі №7 үй. |
|
10 |
№ 652 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі №81 үй. |
|
11 |
№ 653 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сарыағаш аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты, Сарыағаш қаласы, М.Шораұлы көшесі №44А үй. |
|
12 |
№ 655 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№21 Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Құркелес ауылдық округі, Еңкес ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №55 үй. |
|
13 |
№ 657 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Құркелес ауылдық округі, Ақниет ауылы, Ж. Ембердиев көшесі № 47 үй. |
|
14 |
№ 659 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Құркелес ауылдық округі, Құркелес ауылы, Ақбура ата көшесі №112 үй. |
|
15 |
№ 924 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№61 бастауыш жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Қ.Бердібеков көшесі №14 үй. |
|
16 |
№ 926 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№2 «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі №43А үй. |