Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесу болып өтті.

Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесу болып өтті.
Жиналысқа аудан әкімі А.Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде мен С.Таскулов, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Ағабеков, ауданның дербес бөлім басшылары, ауыл билері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары және жергілікті полиция инспекторлары қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. Сарыағаш аудан әкімі А.Абдуллаевтың Тегісшіл ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі.
2.«Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылға атқарған жұмысы, және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы»
Кездесу барысында А.Абдуллаев Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауылдық округ тұрғындарына «Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылға атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға толығымен тоқталып, аудандық мәслихат депутаттарының атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, заң аясында сұрақтарға жауаптар берілді.
Дата публикации
10 апреля 2024