Сарыағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының шығып қалған 17 мүшесінің және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған 14 мүшесінің орнына сайлау туралы жұмыстардың басталғандығын хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2024 жылдың 5 сәуірінен бастап 19 сәуірге дейін Сарыағаш аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
Өтініштің нысанын Сарыағаш аудандық мәслихатының ресми сайтынан алуға болады.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған және орындалу күні, орындаушының аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Ұсыныстар дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13:00-15:00 аралығы.