Сарыағаш аудандық мәслихатының
округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің
орнына сайлау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Сарыағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының шығып қалған 15 мүшесінің және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған 7 мүшесінің орнына сайлау туралы жұмыстардың басталғандығын хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2024 жылдың 6 наурызынан бастап 20 наурызға дейін Сарыағаш аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
Өтініштің нысанын Сарыағаш аудандық мәслихатының ресми сайтынан алуға болады.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған және орындалу күні, орындаушының аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Ұсыныстар дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13:00-15:00 аралығы.
Сарыағаш аудандық мәслихаты
Таскулов Смаил Абубакирович - Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі № 37 үй.
Жауапты: Елеусинова Балжан Бауыржановна – Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру құқық бөлімшесінің бас маман-заңгері., қалааралық телефон коды (872537), қызметтік тел.: 2-35-08, ұялы тел.: 8-775-379-40-08, электрондық почта мaslihat_2010@mail.ru.
|
№ |
Сайлау округінің/учаскесінің нөмірі |
Сайланатын мүшелердің саны |
Орналасқан жері |
|
1 |
№ 4 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш қ., Жібек жолы елді мекені, Кемпреков көшесі №10, №20 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты |
|
2 |
№ 9 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш қ., Майлыкожа көшесі № 50 үй, № 71 жалпы орта мектебінің ғимараты |
|
3 |
№ 11 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш қ., Исмаилов көшесі № 108А М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты
|
|
4 |
№ 12 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш қ., Т. Намазбаев көшесі № 13 үй, № 10 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты
|
|
5 |
№ 13 округтік сайлау комиссиясы |
2 |
Сарыағаш қ., Әйтеке би көшесі №1 «№ 12 колледж»
|
|
6 |
№ 14 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш қ., Казыбек би көшесі №100А, №130 үй, С.Ысмаилова жалпы орта мектебінің ғимараты
|
|
7 |
№ 15 округтік сайлау комиссиясы |
2 |
Сарыағаш қ., К. Монтаев №7, № 60 жалпы орта мектебінің ғимараты
|
|
8 |
№ 16 округтік сайлау комиссиясы |
2 |
Құркелес ауылдық округі, Ақниет ауылы, Ж. Ембердиев көшесі № 47, «№ 27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты,
|
|
9 |
№ 19 округтік сайлау комиссиясы |
2 |
Жарты төбе ауылдық округі Ынтымақ елді мекені Ж. Айысұлы көшесі № 1, № 9 Майлықожа атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты
|
|
10 |
№ 20 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Жарты төбе ауылдық округі Ынтымақ ауылы О. Ермұхамедұлы көшесі № 5А, № 8 С. Айни атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты
|
|
11 |
№ 23 округтік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы, Бейбітшілік көшесі № 59, № 63 жалпы орта мектебінің ғимараты.
|
|
12 |
№ 617 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 64 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дербісек ауылдық округі, Дербісек ауылы, К. Бахашбаев көшесі № 30 үй. |
|
13 |
№ 637 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш қ., Әйтеке би көшесі № 1 үй, Түркістан облысы білім басқармасының «№ 12 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты. |
|
14 |
№ 645 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 10 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы, Т. Намазбаев көшесі № 13 үй. |
|
15 |
№ 657 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Құркелес ауылдық округі, Ақниет ауылы, Ж. Ембердиев көшесі № 47 үй. |
|
16 |
№ 663 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 50 Б. Омаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Құркелес ауылдық округі, Нұрлыжол ауылы, А. Айқынбеков көшесі № 54А үй |
|
17 |
№ 682 учаскелік сайлау комиссиясы |
2 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№ 12 С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жылға ауылдық округі, Жылға ауылы, Ж. Сапарбаев көшесі № 1 үй. |