Сарыағаш аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы У.Рахиевтің 2023 жылда атқарған жұмыстары туралы баяндамасы
Сарыағаш аудандық қоғамдық кеңесінде 2023 жылда 17 отырыс өткізілді.
Ауданның бюджет және экономикалық даму мәселелері жөнінде: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9- бабының 2- тармағына, 75 –бабының 2-тармағына « Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1- тармағының 1- тармақшасына сәйкес ,Сарыағаш аудандық мәслихатының «2024 – 2026 жылдарға арналған, аудан бюджет туралы» шешім жобасына ұсынымдар беру, өзгеде нормативті актілер мен ұсынымдарды тұжырымдау туралы, шешім жобалары талқыланды.
Сарыағаш аудандық қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес төмендегі атқарушы органдардың және мекемелердің есептері тыңдалды:
- Аудандағы діни ахуалдың жай күйі, діни тұрақтылықты сақтау және нығайту бағытында атқарылған жұмыстары туралы Сарыағаш аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Хамзаеваның;
- Аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті нығайту жұмыстары туралы аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Е. Бейсебаевтың есебі ,
- Балалардың сабақтан тыс және жазғы кезеңдерде бос уақыттарын өткізу және балалар қылмысын азайту жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы, Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Д.Акатов;
- Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы Ә.Жаншуақов;
- Сарыағаш аудандық санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасының атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы Т.Арымбаев;
- Сарыағаш ауданы мекемелерінің қысқы жылыту маусымына даярлық жөніндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабуловтың;
- Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау туралы атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимованың;
- Ауданның жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы ауданның жер қатынастар бөлімінің басшысы Н.Кукеевтің;
- «Аудандағы салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы және келешекте салынатын құрылыс жобалары туралы» аудандық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратов;
- Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары және аудандағы қоғамдық көліктердің сапасы мен халыққа қызмет көрсету тәртібі туралы бөлім басшысы Ә. Жаппаров;
- Сарыағаш ауданының елді мекндерін техникалық сумен қамтамассыз ету(бөгеттерді, тоғандарды,каналдардағы суларды қалпына келтіру)аудандық су шаруашылығының басшысы Н.Алданазар;
- «Сарыағаш тұрмыс» МКК-ның атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы Б.Секеровтің,
- Аудандағы эпизотикалық жағдай және мал дәрігерлік іс-шараларын өткізу, Аумақтық ветеринариялық инспекция басшысы М.Едиловтің.
- Ауданда Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңының орындалуы, « 2021 -2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» аудан көлемінде орындалуы мен бөлінген қаржының игерілуі бағытында атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысы Б,Ибрагимованың,
- Ауданның кірістер басқармасының атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы, басқарма басшысы Е. Бигабуловтың,
- Түркістан облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Сарыағаш аудандық филиалында атқарылған жұмыстарының нәтижесі туралы А.Мусабековтың есептері тыңдалды.
Сонымен қатар Сарыағаш қаласы, Жарты төбе, Ақжар ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есептері тыңдалды.
Сарыағаш ауданының дербес бөлім басшыларының, қалалық ауылдық округтердің есептері мен ұсыныстары кең ауқымда талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Қоғамдық кеңестің отырыстары Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 17 бабына орай өткізіліп, аудан аумағындағы мекеме, бөлім басшылары мен қалалық ауылдық округтердің атқарған жұмыстарының нәтижесінің есебін тыңдап отырады.