«Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №35-н/қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының  Бюджет    кодексінің   32  бабына,   Қазақстан   Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403  «Қазақстан Республикасының   Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламалады (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Сарыағаш аудандық  мәслихатының  2023  жылғы  20  желтоқсандағы  №12-97-VIII  «Сарыағаш аудандық мәслихатының  2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-198- VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»   шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімін  қарап ӨКІМ ЕТЕМІН: 

         1.«Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №35-н/қ өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.

         Көрсетілген өкімнің қосымшалары  осы өкімнің № 2 қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.   

         2.Бекітілген бюджеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығында көзделген мерзімде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің веб-сайтына орналастыруын қамтамасыз ету аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімшесінің бас маман-есепшісі Б.Аккуловаға жүктелсін. 

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Дата публикации
26 декабря 2023