Сарыағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №29-198-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Сарыағаш  аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сарыағаш аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №29-198-VII шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сарыағаш ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 18 536 360  мың теңге:

салықтық түсімдер – 6 757 293 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 35 694 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 647 мың теңге;

трансферттер түсімі – 11 734 726 мың теңге;

2) шығындар – 19 169 104 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 103 720 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 170 775 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 67 055 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерiн сатып алу – 0;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -736 464 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               736 464 мың теңге;

қарыздар түсімі – 170 775 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 67 055 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 632 744 мың теңге.»;

 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. 2023 жылы облыстық бюджетке аудандық бюджеттен төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы  бойынша аудан бюджетіне 46,3 пайыз, облыстық бюджетке 53,7 пайыз мөлшерінде бөлу нормативі белгіленсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         3. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
06 ноября 2023