Сарыағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы  1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сарыағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-372-VI «Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5129 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Дата публикации
20 июля 2023