Гендерлік теңдік

Гендерлік теңдік

       2023 жылғы 24 қарашада кітапхананың коворкингінде "Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында мәдени-демалыс орталығымен және "№ 2 отбасылық оқу кітапханасымен" бірлесіп дайындалған Ақтас кентінің Аналар кеңесінің қатысуымен "Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік"дөңгелек үстелі өткізілді.
       Кездесуде қатысушылар гендерлік теңдік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады, кітапхана қорынан осы тақырыптағы басылымдармен танысты. Іс-шараның мақсаты-толерантты дүниетанымды, зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті нығайту.