
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи
монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалалары
бойынша газ тарату жүйелері бойынша тауарлық газды тасымалдау
қызметтерінің тарифі мен тарифтік сметасын бекітуге өтінімін қарады.
Заңнаманың талаптарына сәйкес, департамент өтініммен ұсынылған
негіздеуші құжаттар мен есептеулерді талдау барысында тарифтің қолданыстағы
деңгейі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіле отырып, ҚҚС-сыз
1000 м3 үшін 6552,02 теңгеден 1000 м3 үшін 4986,91 теңгеге дейін (24% - ға)
төмендетілді. Сату бағасы ҚҚС-ты есептегенде м3 үшін 39,37 теңгеге ҚҚС-ты
есептегенде 37,61 теңгеге дейін (4,5% - ға) төмендетілді.
304 млн. 554 мың теңге сомасына тұтынушылардың құқықтары қорғалды
(жобалық деңгейден түсетін кірістер азайтылды).
Қосымша ақпарат ретінде сату бағасы үш құрамдас бөліктен тұратынын
хабарлаймыз: газдың көтерме бағасы, газды тарату жүйелері арқылы тасымалдау
тарифі және газды өткізу құны.