Меню

Страницы

Статья

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

 Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан - жақты көмек көрсету- жұмысымыздың негізгі басым бағыттарының бірі болып қала береді.

«Ақтас поселкесі әкімі аппараты» ММ үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 және Қазақстан Республикасының 20.04.2023 жылғы № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексінің 8 және 12-тарауларында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Арнайы әлеуметтік қызметтер «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған қарт адамдарға және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайы бойынша үйде күтім көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж 1, 2 топтағы мүгедек адамдарға, Кодекске сәйкес өзінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-анасын, зайыбын (жұбайын) күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, зайыбы (жұбайы) жоқ адамдарға, немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық аурулары бар, бас бостандығынан айыру орындарында жүрген, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған немесе елден тыс тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұрған) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз етпейтін еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар адамдарға ұсынылады.

Ақтас кентінің әлеуметтік көмек бөлімшесінде 83 адам үйде қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетуді 10 әлеуметтік қызметкер жүзеге асырады. Стандартқа сәйкес әрбір әлеуметтік қызметкерге 8 адам бекітілген. Қызметтер аптасына кемінде екі рет тегін көрсетіледі.

Жалғыз басты қарттарға арнайы әлеуметтік қызметтің 6 түрі ұсынылады:

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
  2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер;
  3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
  4. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер;
  5. Әлеуметтік-экономикалық;
  6. Әлеуметтік-мәдени.
Дата публикации
04 марта 2022
Дата обновления
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
01 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы