Меню

Страницы

Статья

Медиация

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. «Медиация» сөзі (лат. mediation) - делдалдықты білдіреді.

Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесін пайдалана отырып, 2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанда «Медиация туралы» Заң қабылданды, ол медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

Заңның қолданылу шеңберінде азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды медиаторлардың қатысуымен бейбіт келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болды. Медиация-бұл заңи рәсім, оның қағидаттары: парасаттылық, құпиялылық; адалдық, тараптардың тең құқылығы және ынтымақтастығы, медиатордың бейтараптылығы және тәуелсіздігі болып табылады.

2012 жылдан бастап тұрғындар жиындарында кәсіби емес медиаторлар ретінде мыналар сайланды және Тізілімге енгізілді: Сорокин Михаил Степанович (2013 жылғы тамызға дейін); Ильина Нина Ивановна (2016 жылғы сәуірге дейін), 2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін - Пулиновская Светлана Дмитриевна.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің арасынан кәсіпқой емес медиаторларға сайлануға қатысты Заңның 15-бабында «...медиацияны жергілікті қоғамдастық жиналысы сайлайтын, өмірлік тәжірибесі мол, беделі мен мінсіз беделі бар жергілікті қоғамдастық мүшелері жүргізе алады» делінген.

Кәсіпқой емес медиаторлардың Первомайская көшесі, 16б үй-жайында (бұрынғы ХҚКО) орналасқан кабинеті бар.

 

Дата публикации
01 февраля 2022
Дата обновления
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы