«Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы»
комуналды мемлекеттік қазыналы кәсіпорнының
Жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» Коммуналды мемлекеттік қазыналы кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) заңды тұлға мәртебесіне және жедел басқару құқығындағы мүлікке ие коммерциялық ұйым болып табылады.
- Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне,Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәкес және Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсанындағы «Ақтас кентінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін беру туралы» №50/10 қаулысын орындау үшін мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына сәйкес құрылды.
3.Кәсіпорынның құрылтайшысы «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
4.Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
5.Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6.Кәсіпорынның атауы: мемлекеттік тілде: «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, орыс тілінде: коммунальное государственное казенное предприятие «Культурно – досуговый центр поселка Актас» государственного учреждения «Аппарат акима поселка Актас».
7.Кәсіпорынның орналасқан жері Қазақстан Республикасы, индекс101203, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас кенті, Кржижановский көшесі 16а.
2-тарау. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі
8.Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
9.Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
- Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен заңды тұлғаларды құра алады, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
- Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық
ктілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3-тарау. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
12.Мәдени-сауық кәсіпорыны -күнделікті қарым-қатынас, жеке тұлғаны дамыту, көркемөнер халық шығармашылығын дамыту орталығы.
13.Кәсіпорын қызметінің мақсаты - мазмұнды бос уақытты, шығармашылық әлеуетті, балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуін ұйымдастыру, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың демалысы, мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
14.Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салттарды сақтау, насихаттау, оларды Қазіргі тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;
2) Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, ән және би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
4) мәдени-сауық қызметі мен халық шығармашылығында озық тәжірибені зерделеу, қорыту, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;
7) мәдени-сауық қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, түрлі мәдени акцияларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау;
8) халық және өзіндік шығармашылық ұжымдарының ақылы спектакльдерін, концерттерін, демалыс кештерін ұйымдастыру;
9) клуб құрылымдарын, өзін-өзі өтейтін үйірмелерді, түрлі бағыттағы курстарды дамыту.
- Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
- Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесем жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
- Басшының кәсіпорынның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
4-тарау. Кәсіпорынды басқару
18.Жергілікті атқарушы орган:
1) кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
2) кәсіпорынның жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;
4) кәсіпорынның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
5) кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
6) Коммуналдық мүлікті кәсіпорынға бекітеді;
7) кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
8) кәсіпорынның мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
9) өзіне осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Кәсіпорынның директоры оның органы болып табылады
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, директорды тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
21.Жергілікті атқарушы орган ресімдейді: Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын шартын жасасу арқылы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан басқа, таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін кәсіпорын директорының жауапкершілігі айқындалады.
- Кәсіпорын директоры кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
23.Кәсіпорын директоры кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
24.Кәсіпорын директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын өз құзыретіне сәйкес кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
- Директор:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады.
8) белгіленген еңбекақы қоры шегінде еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, кәсіпорын қызметкерлеріне ( бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Кәсіпорынның мүлкі
26.Кәсіпорынның мүлкі мемлекеттік меншік құқығының объектісі болып табылады.
- Кәсіпорынның мүлкін негізгі қорлар мен айналым қаражаты, сондай-ақ құны кәсіпорынның дербес балансында көрсетілетін құндылықтар құрайды;
- Мүлік жедел басқару құқығындағы кәсіпорынға тиесілі. Кәсіпорын өз қызметінің мақсаттарына, меншік иесінің міндеттеріне және мүліктің мақсатына сәйкес заң актілерінде белгіленген шекте осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады. Кәсіпорынның оның жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүлкі ғана жедел басқару құқығында болуы мүмкін.Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
- Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктең;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
- Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
31.Жедел басқару құқығын иелену және тоқтату, егер осы жарғыда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды иелену және тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген шарттар мен тәртіппен жүзеге асырылады.
- Жедел басқарудағы мүлікті, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша сатып алған мүлікті пайдаланудан түскен кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.
- Меншік иесі оған қатысты оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған мүлікке жедел басқару құқығы, егер Қазақстан Республикасының
заңнамасында немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынның балансында мүлікті бекіту сәтінде туындайды.
- Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
- Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 249-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен, сондай-ақ осы Жарғының 36,37-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
- Осы Жарғының 35-тармағында көзделген жедел басқару құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, меншік иесінің шешімі бойынша кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қойған жағдайларда жедел басқару құқығы тоқтатылады. Заңды алып қою жағдайларына, атап айтқанда,:
- артық, пайдаланылмайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою.
- Жедел басқару құқығындағы кәсіпорын, осы Жарғының 34-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын өзіне бекітілген мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.
6-тарау. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
- Кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
- Жедел басқару құқығындағы кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын жергілікті атқарушы орган белгілейді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметті жасаудан кәсіпорын алған табыстар,сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құрылған, өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) белгіленген бағаларды көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп ережелері бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.38. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
7-тарау. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
41. Кәсіпорынның жедел басқару құқығындағы жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін меншік иесінен басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.
8-тарау. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
- Бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды Кәсіпорынның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есеп Қазақстан Республикасы және директоры бекітетін есеп саясатына Кәсіпорынның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган, ұлттық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілік.
- Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
9-тарау. Кәсіпорынның жауапкершілігі
- Жедел басқару құқығындағы кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша,
оның иелігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның
міндеттемелері бойынша тиісті бюджет қаражатымен әкімшілік-аумақтық бөлініс субсидиарлық жауаптылықта болады.
10-тарау. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
- Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың жергілікті атқарушы органы белгілейді.
- Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын айқындайды.
- кәсiпорын директорының, бас бухгалтерiнiң сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн жергілікті атқарушы органы белгілейді.
11-тарау. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
- Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
- Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
12 - тарау. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
- Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да негіздер бойынша да таратылуы мүмкін.
- Таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі. Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған, кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражатты қоса алғанда, таратылған Кәсіпорынның ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
13-тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы орган енгізеді.
КМҚҚ «Ақтас кентінің
мәдени-сауық орталығы» директоры Т. Алешкова