Ақтас кентінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі 2025 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша есеп

Ақтас кентінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі

2025 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша есеп

 

№

Іс - шаралар

Өткізі мерзімі

Жауапты

1

«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ Ақтас кентінде 2025 жылға арналған мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын дайындау және ұсыну

 

2025 жылғы 5 қантарға дейін

Жоспар 2024 жылғы 25 желтоқсанда әзірленді және бекітілді

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) ережесіне сәйкес Ақтас кенті әкімі аппаратының ғимаратын, актілік залы мен кабинеттерін безендіру

тұрақты

Ақтас кенті әкімі аппаратының ғимаратында ҚР Мемлекеттік Туы, акт залында және әкім кабинетінде ҚР Мемлекеттік Туы және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Кабинеттерде Ту, Елтаңба, Әнұран тәртібін сақтай отырып, плакаттық нұсқада Мемлекеттік рәміздер орналастырылған. Барлық Мемлекеттік рәміздердің лицензиясы бар.

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) ережесіне сәйкес кенттің мемлекеттік мекемелерінде ғимараттардың, кабинеттер мен мемлекеттік рәміздер бұрыштарының безендірілуіне бақылауды орындау

тұрақты

Кент мекемелерінде ғимараттар, кабинеттер және мемлекеттік рәміздердің бұрыштары ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы № 873 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес орнатылған және орналастырылған.

4

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының оларды қолдану бөлігінде сақталуын қамтамасыз ету

тұрақты

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында оларды қолдану бөлігінде мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормалары сақталды.

5

ҚР жаңа мемлекеттік рәміздерін сатып алу және тозған рәміздерін ауыстыру бойынша жұмысты ұйымдастыру

қажет болған жағдайда

2025 жылы ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою жөніндегі комиссияның 3 отырысы өткізілді. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді жоюды комиссия № 1, № 2, № 3 актілерді міндетті түрде жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларына сәйкес жүзеге асырды.

2025 жылғы маусымда Мемлекеттік Елтаңба (1 бірлік экстерьерлік 500 мм) сатып алынды.

6

Кент әкімі аппаратының қызметкерлерін ҚР Мемлекеттік рәміздері және ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заңнамаларын білуге тестілеу

IV тоқ.

Ақтас кентінің мекемелері мен ұйымдарында ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша есеп дайындалып, Саран қаласының ішкі саясат бөліміне 2025 жылғы 30 желтоқсанда жолданды

Ақпараттық-насихаттау жұмысы

7

Мемлекеттік рәміздерді көрнекі үгіт, сыртқы жарнама арқылы насихаттау

 

Есептік кезеңде ҚР Мемлекеттік рәміздері бейнеленген 4 баннер, ҚР мемлекеттік мерекелері: ҚР Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні, ҚР Конституциясы күні және ҚР Тәуелсіздік күні балконында орналастырылды.

8

Instagram әлеуметтік желісінде @aktas_akimdigi кент әкімі аппаратының аккаунтына ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша пост (фото, видео, мәтін) орналастыру

тоқсанына 1 рет

2025 жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне, 4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне, 30 тамызда ҚР Конституциясы күніне орай «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ сайтында бейнеленген құттықтау фотосуреттері орналастырылды.

 

 

Бас маман                                                                                                                                                                               Ж. Нурахметова

Дата публикации
05 февраля 2026