«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді орындау жөніндегі жұмыс туралы ақпараты

«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің

2025 жылғы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді

орындау жөніндегі жұмыс туралы

ақпараты

 

       «Ақтас кентпоселкесі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылы азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай «e-OTINISH» платформасына 28 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде 16 өтініш ҚР АППК 65-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес мерзімін бұзбай атқарушы органдарға жіберілді.

       Аппаратта қаралған 12 өтініштің 8-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 2-еуі әлеуметтік мәселелер бойынша, 2-еуі жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша.

       Ағымдағы кезеңде «Ақтас кентінің мәдени-демалыс орталығы» КМҚК ведомстволық бағынысты ұйымына 7 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 өтініш мерзімін бұзбай, мәселенің тиесілігі бойынша атқарушы органға қайта жіберілді.

       Сондай-ақ ай сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері бойынша Ф2ГО нысаны бойынша есептер, ай ішіндегі салыстыру актісі және жыл басынан бастап өсумен тапсырылады.

       «Сенім109» ақпараттық жүйесіне жыл басынан бері 4 өтініш келіп түсті.

       Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу тәртiбiн реттейтiн қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының мүлтiксiз сақталуы тұрақты бақылауда болады.

«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ

бас маманы                                                                                         Б. Рустембаева

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2026