Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27955 болып тіркелді
"Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі
|
А. Умаров
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 Бұйрықпен бекітілген
|
Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында қоғамдық медиаторды сайлау тәртібін айқындайды.
- Қоғамдық медиаторлар облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығының жиналысы (жиыны) негізінде тоқсанына бір реттен сиретпей сайланады.
2-тарау. Қоғамдық медиаторды сайлау тәртібі
- Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда қоғамдық медиаторға қойылатын талаптарды, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, сондай-ақ үміткерлердің құжаттары жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру орналастырады.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
- Қоғамдық медиатор сайлау үшін құжаттарды облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппаратына мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы;
2) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында "Электрондық өтініш" ақпараттық-талдамалық жүйе арқылы;
3) қоғамдық медиаторды сайлау туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.
- Қоғамдық медиаторды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппаратына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды мекенжайы туралы мәлімет;
4) байланыс деректері (пошта немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;
8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
- Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппараты құжаттарды қабылдап алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерге өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хабарламаны қолма-қол, өтініште көрсетілген пошталық немесе электрондық мекенжайға жібереді.
Үміткер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округы әкімінің аппаратына тиісті құжаттарды ұсынады.
Құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппараты үміткерлер хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерге құжаттарды қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.
- Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппараты құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде үміткерлердің тізімін өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда орналастырады.
- Қоғамдық медиаторды сайлау жөніндегі жиналысты (жиынды) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және өткізеді.
- Жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) қоғамдық негіздегі медиаторлар ретінде жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау туралы хаттамасы осы Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлімінде көрсетілген мерзімнің аяқталу күнінен бастап Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсына отырып, қоғамдық медиаторлар тізіліміне қосу үшін облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жіберіледі.
|
|
Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларына қосымша Нысаны Кімге _____________________ (облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімі аппаратының атауы) _______________мекенжайы бойынша тұратын: (елді мекен, көше, үй, пәтер) жеке куәлігінің № ____, (қашан кім) берді) Кімнен
|
|
|
____________________________
|
|
|
___________________________
|
|
|
(Өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда).
|
Өтініш
Қоғамдық медиатор болып сайлану үшін өз кандидатурамды
__________________________________________________________ұсынамын.
Осы өтінішпен, мен "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
4) _____________________________________________________________
5) _____________________________________________________________
6) _____________________________________________________________
7) _____________________________________________________________
20___ жылғы "____"____________
Өтініш берушінің қолы _______________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК