«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің
2025 жылғы 6 айда жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді орындау жөніндегі жұмыс туралы ақпараты
«Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ-не 2025 жылдың 6 айында «e-OTINISH» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына 14 өтініш келіп түсіп, қаралды:
- оның ішінде заңды тұлғалардан 2 өтініш;
- оның ішінде 8 өтініш сұрақтың тиесілігі бойынша ҚР ӘРПК 65-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес мерзімін бұзбай атқарушы органдарға қайта жіберілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 9 сұрақ, әлеуметтік сипаттағы 5 өтініш.
Ағымдағы кезеңде «Ақтас кентінің мәдени-демалыс орталығы» КМҚК ведомстволық бағынысты ұйымына 4 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 өтініш мәселенің тиесілігі бойынша атқарушы органға қайта жолданды.
Сондай-ақ ай сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері бойынша Ф2ГО нысаны бойынша есептер, ай ішіндегі салыстыру актісі және жыл басынан бастап өсумен тапсырылады.
«Сенім109» ақпараттық жүйесіне өтініш түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу тәртiбiн реттейтiн қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының мүлтiксiз сақталуы тұрақты бақылауда болады.
«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Б. Рустембаева