Ақтас кенті әкімінің 2023 жылғы 28 қыркуйек халықпен кездесуі барысында айтылған
Ақтас кенті халқының ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы
ақпарат
|
№ |
Айтылғанескертулер, ұсыныстар (автор, мекенжайы) |
Ескертулерді/ ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
|
1. |
Ақтас кентінің тұрғыны, Ленинградская көшесі,26-9 Л.П. Ураева
2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының тарифі қандай, қашан жылу беріледі және қарыз бойынша борышкерлердің тізімін кіреберістерге іліп қою керек? |
1.1. "Сарантеплосервис" ЖШС, ЖК Токушевпен жылу маусымының басталу мерзімі және жылу энергиясы үшін берешегі бар тұрғындардың тізімін орналастыру туралы мәселені пысықтау. 1.2. Тұрғынға ақпарат берілсін.
|
2023 жылғы 30 қазан
|
Анаев М.А. Ақтас кенті әкімінің орынбасары |
"Сарантеплосервис" ЖШС-нен алынған ақпарат бойынша (2023 жылғы 18 қазандағы № 171 хат) хабарлаймыз: - "Нұрлы Жол" қазандығынан ұсынылған жылумен жабдықтау қызметі үшін есептеу 2023 жылғы 4 қазаннан бастап (қазанға 28 Күн) ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен 2022 жылғы 11 шілдедегі бекітілген тариф бойынша ҚҚС-мен 1 шаршы метр -121,05 теңге есебінен жүргізілетін болады; - 2023 жылғы 2 қазанда "Нұрлы Жол" қазандығынан жылу желілерін іске қосу және толтыру жүргізілді, қазандық жабдығы штаттық режимде жұмыс істейді; - "дербес деректерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайларына сәйкес жылу энергиясы үшін берешегі бар тұрғындардың тізімдері үйлердің кіреберістерінде ілінбейді. Жылумен жабдықтау үшін берешегі бар тұрғындармен талап-арыз жұмыстары жүргізілуде. Сіздің үйіңіздің 20 пәтерінің тұрғындарының жылу энергиясы үшін 976 мың 740 теңге сомасында берешегі бар. |