Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының
2022 жылғы 8 желтоқсандағы
№276 шешімімен бекітілді

 

Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы үй жануарларын асырау және серуендету Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және үй жануарларын асырау және серуендету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануар иесі-жануар меншік құқығымен немесе өзге де заттық құқықпен тиесілі жеке немесе заңды тұлға;

      2) жауапты адам-жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша заңда белгіленген жануар иесінің құқықтары мен міндеттерін мойнына алатын адам;

      3) күтіп-бағу орны - жануар иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын үйлер, құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;

      4) үй жануарлары (серік жануарлар) (бұдан әрі-үй жануарлары) – түріне қарамастан, эстетикалық қажеттіліктер мен қарым – қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адам дәстүрлі түрде бағып-күтетін және өсіретін жануарлар;

      5) үй жануарларының өз бетімен серуендеуі - үй жануарларының иесінің және (немесе) жауапты адамның қатысуынсыз ұстау орнынан тыс жерде өз бетінше болуы;

      6) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды бағу орнынан тыс жерге шығаруды болжайтын және жануардың қозғалыс белсенділігіне, физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, табиғи қажеттіліктерді жіберуге бағытталған іс-әрекеттері.

2 тарау. Үй жануарларын ұстау тәртібі

      3. Үй жануарларын күтіп-бағу жөніндегі талаптарға мыналар жатады:

      1) үй жануарларын ұстау шарттары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келеді, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады;

      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес, үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Үй жануарының иесі және жауапты адамы мазасыздық келтіру, адамдардың денсаулығына, жануарларға қауіп төндіруге және айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.

      5. Үй жануарларын ұстауға жол берілмейді:

      1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде ұстау орындарында, қоғамдық орындарда;

      2) Ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);

      3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);

      4) асүйлер мен жатақхана дәліздерінде.

      6. Үй жануарларының иесі және жауапты адам тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың, оның ішінде кондоминиум объектілерінің, қоғамдық орындардың үй жануарларымен ластануына, қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол берілмейді.

      7. Бірнеше отбасы тұратын тұрғынжайда (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй) үй жануарларын ұстау медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, барлық, тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

      8. Бау-бақша, саяжай кооперативтерінің, демалыс үйлерінің аумақтарында санитариялық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтай отырып, үй жануарларын ұстауға жол беріледі.

      9. Үй жануарлары бар адамдардың жатақханалар мен қонақ үйлерде уақытша болуына, жатақханалар мен қонақ үйлерде белгіленген ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтай отырып, аталған ұйымдардың келісімімен жол беріледі.

      10. Үй жануарларын, жануарға зиян келтіруі мүмкін жағдайларда қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Қарау мүмкін болмаған жағдайда, үй жануарының иесі немесе жауапты тұлға:

      1) жануарды үй жануарларына арналған баспанаға уақытша ұстауға орналастырады;

      2) оны уақытша ұстауға үшінші тұлғаларға береді;

      3) зоологиялық қонақ үйге орналастырады.

      11. Үй жануарларын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда, иесі және жауапты тұлға үй жануарларын одан әрі орналастыруға шаралар қабылдайды.

      12. Иттерді өздігінен серуендеуін және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауды болдырмайтын жағдайларда ұсталады. Мұндай жағдайлар болмаған жағдайда ит байлануы немесе үйшікте болады.

3 тарау. Үй жануарларын серуендету тәртібі

      13. Үй жануарларын серуендету, жеке тұлғалар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылады.

      14. Үй жануарларының иесі және жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларын серуендету тәртібін сақтайды.

      15. Үй жануарларын серуендету кезінде иелері және жауапты адам келесі талаптарды сақтайды:

      1) үй жануарларын тыйым салу белгісімен белгіленбеген орындарда ұзындығы 2 (екі) метрден аспайтын қарғы баумен тұмылдырықсыз серуендету, бұл ретте жануардың иесі өзімен бірге тұмылдырық алып жүруді, ол қажет болған кезде итке дереу кигізуді;

      2) жергілікті атқарушы органдармен белгіленген жерлерде, итке тұмылдырықты уақтылы кигізеді және серуендету орындарда қарғы баудың лайықты ұзындығын реттеуді;

      3) үй жануарының айналасындағыларға алаңдаушылық және кедергі келтірмеуді;

      4) үй жануарлары көшелер арқылы немесе магистральдардың жанында өткен кезде тұмылдырық кигізіледі және жол-көлік оқиғаларын және оның жүру бөлігінде апат болуын болдырмау үшін оны 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы бауда және ұстайды;

      5) тыйым салатын жазбалар болмаған жағдайда иесінің иті тұмылдырықта және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштада болуына рұқсат етіледі;

      6) итті, егер бұл ретте қоғамға қауіп төнбесе, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, иттің денсаулығына қауіп төнбесе немесе оның еркін қозғалуына кедергі келтірілмесе, ғимараттың жанында 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен байлап және тұмылдырықта қалдыруға рұқсат етіледі.

      16. Иттермен қорғалатын бекітілген аумақтары бар иелер иттерді өздерінің базаларында, қоймаларында, өндірістік үй-жайларында тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта еркін серуендетеді. Күндізгі уақытта иттер байлауда немесе үйшікте болады.

      17. Елді мекен аумағында:

      1) иттердің өздігінен серуендеуіне;

      2) үй жануарларын серуендетуге және олардың мінез-құлқын бақылауға қабілеті жоқ, оның ішінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамдарға, қоғамдық орындарда және көлікте үй жануарларын серуендетуге;

      3) мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорттық және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар мен спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және тыйым салу белгілері орнатылған, серуендеуге арналмаған өзге де аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;

      4) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта үй жануарларын серуендетуге;

      5) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, субұрқақтарда және су бөгеттерінде үй жануарларын шомылдыруға және жууға;

      6) үй жануарларының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (көзі әлсіз көретін адамдарға арналған қызметтік иттер мен жетелеуші иттерден басқа), сервистік қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, мәдени мекемелерде (иттер қатысатын көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жағдайларын қоспағанда), діни ұйымдарда (бірлестіктерде), балалар, білім беру, медициналық ұйымдардың үй-жайларында болуына және ұсталуына жол берілмейді.

      18. Жануарларға жауапты қарау саласындағы жергілікті атқарушы органдар үй жануарларын серуендетуге не жануарлармен өзге мақсатта жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды.

 

Дата публикации
05 февраля 2025