«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпараты

«Ақтас поселкесі әкімінің аппаратыММ

2024 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпараты

       Жолдаудың сегізінші тармағында мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынакөпкөңіл бөлді.

       «Мен халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғаннан бері бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғаммен билікқ ұрылымдары арасындағы өз ара іс-қимыл мәдениетін өзгертуге қол жеткізілді. Пікір білдірудің тиімді тетіктерімен түрлі диалог алаңдары жеткілікті болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтар мен тікелей байланысы нормаға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілердің мінез – құлқының жаңа моделін қалыптастырды деп айтуға болады-белсенді және ашық, демек, неғұрлым жауапты және тиімді. Алайда, мемлекетпен қоғам арасындағы диалогтың одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз адал, объективті болуымыз керек, тек заң шеңберінде әрекет етуіміз керек, өз сөз дерімізбен іс-әрекеттерімізге жауап беруіміз керек.

       Біз кейде қоғамда талқыланатын мәселелер бойынша терең білімі жоқ жауапсыз, жоғары популистердің қоғамдық бастаманы қалай ұстайтынын көреміз. Мұның демократияға ешқандай қатысы жоқ.

       Азаматтардың қажеттіліктері мен үміттерін дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін өтініштермен жұмыс істеудің бірыңғай экожүйесі қалыптаса бастағаны өте маңызды. Өз жұмысын жетілдіру үшін мемлекеттік органдар өтініштерді талдауға көбірек көңіл бөлуі керек».

       «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылдың 8 айында «E-OTINISH» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына 26 өтініш келіп түсті және қаралды: жеке тұлғалардан 24 өтініш және заңды тұлғалардан 2 өтініш (2023 жылы 18 өтініш қаралды: жеке тұлғалардан 16 өтініш және 2 өтініш заңды тұлғалардан).

       Қарау нәтижелері бойынша 26 өтініш:

- қолайлы Әкімшілік акт қабылданды-2 өтініш;

- ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт - 0 өтініш;

- авторға жауап берілді -14 өтініш;

- ҚР ӘРПК 70-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына байланысты қарауды тоқтату -1 өтініш;

- басқа атқарушы органдарға қайта жолданды-5 өтініш (2 өтініш - ЖАО - ға, 2 өтініш - ведомстволық бағынысты ұйымға, 1 өтініш-басқа ұйымдарға).

       Сұрақтардың сипаты бойынша:

басқаөтініштер–14,ТКШ мәселелері бойынша-12өтініш.

       Жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі негізгі қағидатты – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сақтауды іске асыра отырып, халықпен сындарлы диалог жүргізілуде. Ағымдағы кезеңде Саран қаласы мен Ақтас кенті әкімдерінің кездесулері (27 наурыз, 28 маусым), жергілікті қоғамдастықтың 5 жиналысы (МӘМ), кент тұрғындарымен 24 жиын өткізілді. Тұрғындар әлеуметтік желілерде өз көзқарастарын жиі айтады, бұл мәселелерді анықтауға және жедел шешуге көмектеседі (әкімнің жеке блогы akanov.Instagram Instagram Ақтас әкімі, Telegram Ақтас кентінің әкімдігі, Instagram Eto_aktas_detka, Instagram Problemnyi_aktas). Ағымдағы кезеңде тұрғындар жеке қабылдауға тіркелмеген.

       «Сенім109» қызметі арқылы ТКШ және абаттандыру мәселелері бойынша 29 өтініш келіп түсті (2023 жылы - 51 өтініш).

       «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» КМҚК ведомстволық бағынысты ұйымына 5 өтініштүсті.

       Өтініштерге жауаптар орындау мерзімдерін бұзбай берілді. Сондай-ақ ай сайын Ф2ГО нысаны бойынша есептер және салыстыру актісі тапсырылады.

 

 

Бас маман                                                                                      Б. Рустембаева

Дата публикации
29 января 2025