Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 176 бұйрығымен
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2020 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жүргізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) есепті жылдан кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жарты жылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есеп жасайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес түскен түсімдерден қалыптастырылады.";
қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы |
Қ. Баеділов |