Разъяснение Послания «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты    Қазақстан халқына Жолдауы

Қайырлы күн, құрметті жиынға қатысушылар!

       2 қыркүйек күні  Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы өтті. Жолдауда біршама  ауқымды мәселелер қамтылды.

       Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді.

       Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады.

       Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз – деп президент атап өтті.

       Қазір жер жүзінде геосаяси текетірестер белең алып тұр. Соған қарамастан Қазақстан бейбіт әрі эволюциялық жолмен дамып келе жатыр.

       Дамудың жаңа бағдары белгіленді. Экономиканы әртараптандыру ісіне тың серпін берілді. Инфляция баяулады.

       Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа арнаған сөзінде - Үкімет және әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс. Еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастырған жөн. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Жұмысты дұрыс үйлестіре білсек, бұл – қолдан келетін шаруа деп атап өтті.

       Енді алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталайын.

        2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп Мемлекет басшысы жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенінде атап өтті. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа арнаған сөзінде - Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керекекенін айқын атап өтті, яғни «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.

       Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа арнаған сөзінде қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы еліміздің тағдырына да тікелей әсер ететінінде ескерді.

       Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет екендігін Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа арнаған сөзінде атап өтті.

       Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет. 

        Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін! Халқымыз аман болсын!

Назарларыңызға рақмет!

 

«Ақ шаңырақ» этно-мәдени бірлестігінің басшысы                             С. Ж. Супьянова

 

Дата публикации
12 сентября 2024