Отчет по плану мероприятий по пропаганде и применению государственных символов в поселке Актас за 2022 год

Ақтас кентінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі

2022 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша есеп

 

№

Іс - шаралар

Өткізі мерзімі

Жауапты

1

«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ Ақтас кентінде 2021 жылға арналған мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын дайындау және ұсыну

 

2021 жылғы 15 қантарға дейін

Жоспар 2021 жылдың 31 желтоқсанда дайындалып бекітілді.

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) ережесіне сәйкес Ақтас кенті әкімі аппаратының ғимаратын, актілік залы мен кабинеттерін безендіру

тұрақты

Ақтас кенті әкімі аппаратының ғимаратында ҚР Мемлекеттік Туы, акт залында және әкім кабинетінде ҚР Мемлекеттік Туы және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Кабинеттерде мемлекеттік рәміздер плакат нұсқасында, Ту, Елтаңба, Әнұран тәртібін сақтай отырып орналастырылған. Барлық мемлекеттік рәміздердің лицензиясы бар.

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) ережесіне сәйкес кенттің мемлекеттік мекемелерінде ғимараттардың, кабинеттер мен мемлекеттік рәміздер бұрыштарының безендірілуіне бақылауды орындау

тұрақты

Кент мекемелерінде мемлекеттік рәміздердің ғимараттары, кабинеттері мен бұрыштары ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес орнатылды.

 

4

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының оларды қолдану бөлігінде сақталуын қамтамасыз ету

тұрақты

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңының қолдану бөлігіндегі нормалары сақталды.

5

ҚР жаңа мемлекеттік рәміздерін сатып алу және тозған рәміздерін ауыстыру бойынша жұмысты ұйымдастыру

қажет болған жағдайда

2022 жылы ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді.

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін рәміздерді жою міндетті түрде №1, № 2 актілерді жасалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларына сәйкес комиссиямен жүзеге асырылды.

2022 жылдың желтоқсанында (1 бірлік экстерьерлік нұсқада) Мемлекеттік Елтаңба, (1 бірлік интерьерлік нұсқада) Мемлекеттік Ту, (алтын түсі) ұшы бар кабинеттік жалауша, (1 бірлік) шашақ және (2 бірлік) Туға араналған белдемшелер  сатып алынды.

 

6

 

 

 

Ақпараттық-насихаттау жұмысы

7

Мемлекеттік рәміздерді көрнекі үгіт, сыртқы жарнама арқылы насихаттау

 

Есепті кезеңде Мемлекеттік рәміздер күні, Конституциясы күні мемлекеттік мерекелері қарсаңында ҚР Мемлекеттік рәміздері бейнесі бар 2  баннер орналастырылды. Баннерлер АК МСО балкондарына орналастырылды.

8

Instagram әлеуметтік желісінде @akimat_aktas кент әкімі аппаратының аккаунтына ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша пост (фото, видео, мәтін) орналастыру

тоқсанына 1 рет

2022 жылғы 16 наурызда ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы көрсетілген бейнесі, 2022 жылғы 16 мамырда ҚР Мемлекеттік Туы көрсетілген бейнесі, 2022 жылғы 30 тамызда ҚР Мемлекеттік Туы бейнеленген фотосы Конституция күніне арналған құттықтауында @akimat_aktas Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Дата публикации
05 апреля 2023