Ақтас кентінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі 2021 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша есеп

Ақтас кентінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі

2021 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша есеп

 

№

Іс - шаралар

Өткізі мерзімі

Жауапты

1

«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ Ақтас кентінде 2021 жылға арналған мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын дайындау және ұсыну

 

2021 жылғы 15 қантарға дейін

Жоспар 2021 жылдың 8 қаңтарында дайындалып бекітілді

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) ережесіне сәйкес Ақтас кенті әкімі аппаратының ғимаратын, актілік залы мен кабинеттерін безендіру

тұрақты

Ақтас кенті әкімі аппаратының ғимаратында ҚР Мемлекеттік Туы, акт залында және әкім кабинетінде ҚР Мемлекеттік Туы және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Кабинеттерде мемлекеттік рәміздер плакат нұсқасында, Ту, Елтаңба, Әнұран тәртібін сақтай отырып орналастырылған. Барлық мемлекеттік рәміздердің лицензиясы бар.

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) ережесіне сәйкес кенттің мемлекеттік мекемелерінде ғимараттардың, кабинеттер мен мемлекеттік рәміздер бұрыштарының безендірілуіне бақылауды орындау

тұрақты

Кент мекемелерінде мемлекеттік рәміздердің ғимараттары, кабинеттері мен бұрыштары ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес орнатылып, орналастырылған.

 

4

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының оларды қолдану бөлігінде сақталуын қамтамасыз ету

тұрақты

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңының қолдану бөлігіндегі нормалары сақталды.

5

ҚР жаңа мемлекеттік рәміздерін сатып алу және тозған рәміздерін ауыстыру бойынша жұмысты ұйымдастыру

қажет болған жағдайда

2021 жылы (№16ЖББМ, 13 ЖББМ, МСО КМҚК) кент мекемелерінде - (стационарлық бұрыштар, ҚР Мемлекеттік Туы, ресми бланкілер, мөр); кент әкімінің аппаратында – (ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы, ұшы, шашақбауы), мемлекеттік рәміздер сатып алынды.

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін рәміздерді жоюды мекемелердің комиссиялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларына сәйкес жүзеге асырды.

6

Кент әкімі аппаратының қызметкерлерін ҚР Мемлекеттік рәміздері және ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заңнамаларын білуге тестілеу

қазан

2021 жылғы 25 қазанда аппарат қызметкерлеріне «ҚР Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында тестілеу өткізілді. Тестілеу 10 сұрақтан тұрады. Сауалнамадан аппараттың 19 қызметкері өтті. Орташа балл 10-нан 8,5. Тестілеу нәтижелері бойынша қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы бойынша білімдерін бекіту ұсынды.

7

Ақтас кентінің мекемелері мен ұйымдарында ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі есепті мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның отырысына дайындау

IV тоқ.

Ақтас кентінің мекемелері мен ұйымдарында ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі есеп дайындалып Саран қаласының ішкі саясат бөліміне 2021 жылғы 29 желтоқсанда жіберілді.

Ақпараттық-насихаттау жұмысы

8

Мемлекеттік рәміздерді көрнекі үгіт, сыртқы жарнама арқылы насихаттау

 

Есепті кезеңде ҚР Мемлекеттік рәміздері бейнесі бар баннерлер ҚР мемлекеттік мерекелері: Мемлекеттік рәміздері күніне, Астана күніне, Конституциясы күніне және Тәуелсіздік күніне арналған, МСО балкондарына 4 баннер орналастырылды.

9

Instagram әлеуметтік желісінде @akimat_aktas кент әкімі аппаратының аккаунтына ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша пост (фото, видео, мәтін) орналастыру

тоқсанына 1 рет

2021 жылғы 29 қаңтарда кент әкімінің халық алдында «онлайн» режимде, залда  Мемлекеттік Туы орнатумен есептік кездесуі өтті. 4 бөлімнен тұратын тікелей эфир жазбасы 2021 жылдың 2 ақпанында жарияланды. 2021 жылғы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне, 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне, 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай ҚР Мемлекеттік рәміздері бейнеленген құттықтау фотосуреттері орналастырылды. 13 желтоқсанда мемлекеттік және орыс тілдерінде «Әнұранның авторын білесіз ба?» бейне посттар орналастырылды.

 

 

Дата публикации
05 апреля 2023