Қайырлы күн құрметті әріптестер және кентіміздің тұрғындары.
Бүгінгі кездесуге қатысып отырғандарыңызға алғыс білдіремін!
Бүгін біздің кездесумізді, халықпен кездесу барысында берілген тапсырмаларды, ұсыныстарды орындаудан бастауды ұсынамын
Кентте 3 кездесу өткізілді, оның ішінде 2 Саран қаласының әкімі мен Қарағанды облысы әкімі орынбасарының қатысуымен.
Тұрғындардан ТКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы), абаттандыру және жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы саласынан 15 сұрақ пен ұсыныс түсті.
Біздің кездесуімізді бұрын өткен кездесулерде тұрғындар қойған сұрақтардың орындалуы туралы есептен құруды ұсынамын. Мен қазірдің өзінде не істелгенін баяндаймын, сұрақтарыңызға жауап беремін.
Мен ТКШ саласындағы мәселелерден бастаймын, атап айтқанда энергиямен жабдықтау. Электр желілеріндегі жоғары апат тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар тудырады. «Қарағанды Жарық» ЖШС осы бағытта не істеді: Бородин көшесінде жаңа КТП орнатылды, Привольная көшесінің үй жанындағы учаскелерінен ЭБЖ шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде (тақ жағы).
Жоғарғы қабаттардағы су қысымының төмендігіне келетін болсақ, Саран қаласының құрылыс бөлімімен Қарағанды қаласының «Батыс-Западная» сорғы станциясынан Саран қаласына дейін (Ақтас кенті арқылы) су тартқышты салу бойынша жоба әзірленуде.
Қазіргі уақытта «Қарағанды Су» ЖШС кент су құбыры желілерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Газдандыру мәселесі бойынша Қарағанды облысының энергетика басқармасымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды.
Сұрақтарыңыз бар ма???
Жолдарды жөндеуге көшемін... Привольная, Лихачев, Первомайская (жұп жағы) көшелерінде ағымдағы жөндеу, 18 орам көшесінің аулаларына кіру,сондай-ақ Бородин тұйық көшесі бойындағы жолды орташа жөндеу (Бородин көшесінен Кржижановский көшесіне дейін) жүргізілді.
Зиратқа баратын жолды жөндеу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталу сатысында.
Шартқа сәйкес балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жұмыстар басталды.
Шағын аудан, 13 орам көшесінің аумағында, Первомайская,16б және Бородин көшелерінде жаңа қоқыс алаңдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сұрақтарыңыз бар ма???
Кездесулерде көшені жарықтандыру мәселесі көтерілді.... Мердігерлік ұйымдармен 13 орам көшесіне, Саратовская, Лихачев, Первомайская көшелеріне жаңа жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бейнебақылау камералары бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, олардың орналасатын орындары анықталды, бұл екі мектеп ауданында 8 камера және «Аленушка» балабақшасының жанында 2 камера орнатамыз.
Қазіргі уақытта Привольная,26,Кржижановский,12,14 көшелерінің ауданында ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, 18 орам көшесінің, Первомайская, 14абв,Гастелло, 18, 18Б, 20,22 Кржижановский, 27а,29,Ленинградская, 27 көшелерінің аулаларында 43 орындық орнатылды, 18 орам көшесінде футбол алаңын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Егер сұрақтарыңыз болса, сұраңыз???
Жергілікті қоғамдастықты дамыту тұжырымдамасы іске асырылуда, тұрғындардың жергілікті маңызы бар шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктері кеңеюде.
Жылдың басынан бастап кенттің жергілікті қоғамдастығымен 2021 жылға бюджет қаражатын пайдалануды мониторингілеу бойынша 3 жиналыс және 1 комиссия отырысы өткізілді.
Саран қаласының тұрғындарымен кездесуге қатыса отырып, жергілікті қоғамдастықтың бастамашыл тобы кентке келіп, сол жерде кенттің бар мәселелерін қарап, олардың облыс деңгейіндегі ықтимал шешімдерін талқылау үшін Қарағанды облысының әкімі Касымбек Женис Махмудовичты кентке келуге шақырды. Жылу-энергиямен жабдықтау, газдандыру, медициналық қызмет көрсету... жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері көтерілді.
Жергілікті қоғамдастықтың бастамашыл тобы облыс деңгейінде айтылған мәселелерді шешуде өңір басшысының қолдауына ие болды.
Жоғарыда аталған барлық проблемалық мәселелерді тұрғындар кездесулер мен әлеуметтік желілерде көтерді. Жалпы, біздің қоғамдық-саяси жағдайымыз тұрақты. Біздің бірінші кезектегі міндетіміз кенттің инфрақұрылымын сақтау және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру және біздің тұрғындарымыздың өмір сүру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету.
Назарларыңызға рахмет!