Ақтас кенті әкімінің 2022 жылғы 18 ақпандағы есептік кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар
|
№ |
Айтылған ескертулер, ұсыныстар (автор, мекенжайы) |
Орындалу мерзімі және ескертулерді/ ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Жауапты |
|
|
1 |
Тажинина Бахыт Жумабековна, Ақтас кенті, Первомайская көшесі, 6 үй, 79 пәтер Терезеден біздің шағын ауданның қоқыс алаңы көрінеді, немқұрайды тұрғындар қоқысты контейнерлерге жетпей жолда тастап кетеді.. Оларды әкімшілік айыппұлмен жазалап, кент бюджетін толтыру үшін қоқыс алаңдары маңына бейнекамералар орнатуды ұсынамын. |
2022 жылғы 1 қыркүйек
1. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу есебінен "бейнебақылау камераларын орнату"қызметтерін (жұмыстарын) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілетін болады.
2. Кенттің қоқыс алаңдарында бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстарды жүргізу. |
Ақтас кенті әкімінің орынбасары Бөлім басшысы |
|
|
2 |
Шереметайте Наталья Николаевна, Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, 18 үй, 8 пәтер
Өткен жылы 18 орамының аулаларын қайта жөндеу кезінде мердігерлер жұмысты аяқтамады, қоқыс жәшіктерін, орындықтар орнатпады, аулаға кіру жолы асфальтталмаған. Бұл мәселе бойынша не істеледі?
|
2022 жылғы 1 қыркүйек
1. Ақтас кентінің автомобиль жолдарын күтіп ұстау (ағымдағы жөндеу) бағдарламасы шеңберінде мердігерлік ұйымды айқындау жөніндегі жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу есебінен «Қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату» көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды)мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілетін болады.
2. 18 орамының аулаларына кіру жолын асфальттау және қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу. |
Ақтас кенті әкімінің орынбасары Бөлім басшысы |
|
|
3 |
Шереметайте Наталья Николаевна, Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, 18 үй, 8 пәтер
ЖБИ ауданындағы кенттен шыға берісте қоқыс үйінділері, оларды жою бойынша қандай шаралар қабылданатын болады? |
2022 жылғы 1 қыркүйек
1. «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде мердігер ұйымды айқындау жөніндегі жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу 2. ЖБИ ауданындағы қоқыс үйіндісін тазалап шығару бойынша жұмыстар жүргізу |
Ақтас кенті әкімінің орынбасары Бөлім басшысы |
|
|
4 |
1 шағын ауданның тұрғыны
Шағын ауданда қоқыс алаңы ашылып, қоқыс бүкіл шағын аудан бойынша ұшып жатыр, осы мәселе бойынша не істеуге болады? |
2022 жылғы 1 қыркүйек
1. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу есебінен «Қоқыс алаңдарын қоршау» жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілетін болады. 2. Шағын аудандағы қоқыс алаңдарын қоршау бойынша жұмыстар жүргізу. |
Ақтас кенті әкімінің орынбасары Бөлім басшысы |
Ақтас поселкесінің әкімі Б. Аканов