2022 жылдың І жартыжылдығының жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерді орындау бойынша жұмысы туралы ақпарат

                                     2022 жылдың І жартыжылдығының                                              жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерді орындау бойынша                                                    жұмысы туралы ақпарат

  «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ 2022 жылдың 1 жартыжылдығында «e-OTINISH» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына жеке тұлғалардан 26 өтініш келіп түсті (2021 жылы 15 өтініш қаралды).

26 өтінішті қарау нәтижелері бойынша:

- қолайлы әкімшілік акт қабылданды - 9 өтініш;

- әкімшілік актіге ауыртпалық салатын -5 өтініш;

- түсініктеме берілді - 11 өтініш;

– ҚР ӘРПК 70-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына байланысты өтінішті қарауды тоқтату-1 өтініш.

Сұрақтардың сипаты бойынша: басқа өтініштер – 4, ТКШ мәселелері бойынша – 22 өтініш (оның ішінде 41 % - Ленинградская көшесі № 29 қайта жаңартылған үй бойынша 9 өтініш).

2022 жылдың 1 жартыжылдығында заңды тұлғадан құжаттардың дұрыстығын растау бойынша 1 өтініш түсті.

Ағымдағы кезеңде жеке қабылдауда ТКШ және абаттандыру мәселелері бойынша кенттің 9 тұрғынына ауызша түсініктемелер берілді (2021 жылы COVID-19 байланысты жеке мәселелер бойынша қабылдау тоқтатылды).

«Сенім109» қызметі арқылы ТКШ және абаттандыру мәселелері бойынша 19 өтініш түсті (2021 жылы 30 өтініш).

Өтініштерді тіркеу «LogBoog» құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қайталаумен жүргізіледі.

«Ақтас кентінің мәдени-демалыс орталығы» КМҚК ведомстволық бағынысты ұйымына 2022 жылдың 1 жартыжылдығында өтініштер түскен жоқ.

 «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ-не келіп түскен барлық өтініштер қаралды және мерзімдерді бұзбай орындалды.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 июля 2022