«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және
Саран қаласы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілінің
2021 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат
2021 жыл кезеңінде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осылайша, ақпараттық материалдар тарата отырып, мемлекеттік қызметшілермен түрлі кездесулер өткізіледі, онда әр түрлі мысалдар келтіріледі.
Мемлекеттік қызметшілер түрлі спартакиадалар мен жарыстарға белсене қатысады, бұл негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшілерді біріктіру нысандарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің шолу хаттары аппарат басшысының кеңестерінде әрбір қызметкерге жеткізіледі.
Күнделікті негізде мен, әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы түсіндіру және кеңес беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргіземін. Есептік кезеңде 18 семинар, дөңгелек үстел (ZOOM режимінде) өткізілді, әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауы тұрақты негізде жүзеге асырылады, онда жүгінген азаматтарға түсініктемелер беріледі. Сыбайлас жемқорлық көріністерімен тиімді күресу және «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл стратегиясын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін Саран қаласының жергілікті атқарушы органдарында Саран қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері», «Халықпен жұмыс», «Әкімге сұрақ қой» бөлімдері жұмыс істейді. Adal Komek жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік мекемелердің басшылары апта сайын apparat_akima_saran инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. «Халықпен жұмыс» бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефондары жарияланған. Мұндай бөлімдер мемлекеттік мекемелердің сайттарында жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарында және Саран қаласы әкімі аппаратының сайтында әдеп жөніндегі уәкілдің сенім телефоны орналастырылған, ол бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен өткізілген анонимді сауалнама нәтижесінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай тұрақты екендігі анықталды.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мемлекеттік қызметшінің абыройын түсіретін және қоғам тарапынан сынға себеп болуы мүмкін фото және бейнежазбаларға мониторинг жүргізіледі, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тұрақты негізде КБЕЖ деректерін шығару арқылы қызметкерлердің еңбек тәртібін тексеру жүзеге асырылады, еңбек тәртібін бұзу анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылықтар жасауына, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіледі.
Әдеп жөніндегі уәкілдің есептері белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Кайырбек