Ақтас кенті жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламентін бекіту туралы
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы 25 сессиясының № 277 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 4804 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
|
Сессия төрағасы |
Ш. Исенов |
|
|
|
Мәслихат хатшысы |
Ө. Баймағанбетов |
|
|
|
|
Саран қаласының мәслихатының |
||
Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.09.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін - өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік -аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін - өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай -ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
бағдарламалық құжаттарды, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Ақтас кенті (бұдан әрі - кент) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Кенттің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Ақтас кенті әкімі аппаратының (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) шешімдерін келісу;
Бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
кент бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
кенттің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Ақтас кенті (бұдан әрі – кент әкімі) әкімін кандидат ретінде тіркеу үшін қалалық сайлау комиссиясына одан әрі еңгізу үшін Саран қаласы (бұдан әрі - қала әкімі) әкімінің кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
кент әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.09.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.09.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
Сондай - ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған тұлғалар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер
қабылдау тәртібі
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде кент әкіміне беріледі.
Кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде қалалық мәслихатының қарауына беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.09.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Үлгі регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Кент әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Саран қаласы мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 30.09.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Саран қаласы әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК